Польша Беларусьпен шекарасын жабады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 қыркүйек

— Польша 11 қыркүйектен 12 қыркүйекке қараған түні Беларусьпен арадағы шекарасын толықтай жаппақшы, деп хабарлайды Kazinform.

Бұл туралы сейсенбі күні үкімет отырысы алдында Польша Премьер-министрі Дональд Туск мәлімдеді.

— Ұлттық қауіпсіздік мақсатында біз Беларусьпен арадағы шекараны, соның ішінде теміржол өткізу бекеттерін де жабамыз… Бұл бейсенбіге қараған түні, яғни жұмаға өтетін түнгі сағат 00:00–де жүзеге асады, — деді Дональд Туск.

Польша ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл шара барлық бақылау-өткізу бекеттеріне, соның ішінде теміржол желілеріне де қатысты болады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото