Қазақстанда Шетелдік студенттер үшін көпмәртелік электронды виза енгізіледі

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 қыркүйек

Қазақстанда Шетелдік студенттер үшін жаңадан көпмәртелік электронды виза енгізіледі. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты деп жазды Kazinform.

— Қазақстанда жетекші шетелдік университеттердің 40 филиалы ашылып жатыр. Бүгінде Қазақстанда 31 500 шетелдік студент білім алуда – тарихи рекорд. Мақсат — бұл санды 2029 жылға қарай 150 000-ға жеткізу. Ол үшін шетелдік студенттерге, сондай-ақ ғалымдар, профессорларға, мамандарға виза беру тәртібін қайта қарастыруымыз қажет. Шетелдік студенттер үшін көпмәртелік электронды виза жаңадан қарастырылады, - деді Саясат Нұрбек ҚР Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Қазақстанның көші-қон саясаты тұжырымдамасында сұранысқа ие мамандықтар бойынша визаларды енгізу қарастырылған.

— Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мұндай мүмкіндіктер көп елде бар, - деді Саясат Нұрбек.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото