Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы трансшекаралық өз көлігімен саяхаттау танымалдығы арта түсті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 қыркүйек

10 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қазіргі уақытта көптеген Қытай азаматы Орталық Азия елдеріне, Ресейге және басқа жерлерге саяхаттауға немесе бизнестік экскурсияға баруды жөн көреді. Биыл 1 қыркүйекке дейінгі жағдай бойынша Шыңжаңдағы «Қорғас» тасжол портына 4500-ден астам шекара аттап саяхаттайтын көлік тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 370%-ға өсті. Қорғас шекара инспекциясы басқармасы бұл процесті оңтайландырып, әртүрлі елдерден келген өз көлігімен саяхаттайтын туристерді кедендік рәсімдеудің жеделдігін қамтамасыз ету үшін жасыл терезе ашты.

«Қорғас» трансшекаралық туризмге интеграцияланған қызмет көрсету орталығы осы жылдың тамыз айында ресми түрде пайдалануға берілді. Орталықтың директоры Жэнь Яньбиньнің айтуынша, бұрын жеке туристерге рәсімдеуден өту үшін 2-3 күн қажет болатын, бірақ қазір туристерге қызмет көрсету орталығында барлық рәсімдеу 8 сағат ішінде аяқталады.

Жэнь Яньбиньнің айтуынша, қазіргі уақытта Шыңжаңның әртүрлі порттарындағы трансшекаралық туризм қыза түсуде және нарықтың әлеуеті аса зор.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото