Еуразия елдері мен ШЫҰ-ның хатшылығы өкілдері Қытай тілінен жоғары деңгейдегі аударма бойынша біліктілікті арттыру курсына қатысты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 қыркүйек

10 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 9 қыркүйек күні Бейжіңде Еуразия елдері мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының хатшылығы өкілдеріне Қытай тілінен жоғары деңгейдегі аударма бойынша біліктілікті арттыру курсы ашылды.

Бұл семинар Қытай Сыртқы істер министрлігінің Еуразия департаментінің бастамасы. Сонымен қатар бұл жоба Бейжің шет тілдері университетінің орыс тілі институтының жетекшілігімен және Шет тілдерін оқыту және зерттеу баспасының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Қатысушылар Беларусь, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және басқа да Еуразия елдерінің ШЫҰ Хатшылығының дипломаттары мен өкілдері.

Мәліметтерге сәйкес, оқыту барысында Бейжің шет тілдері университетінің, Бейжің университетінің, Бейжің тіл және мәдениет университетінің және басқа да көптеген университеттердің оқытушылары келіп сабақ береді. Олар қатысушылардың аударма саласындағы білімдерін жетілдіруге және Қытайдың ұлттық жағдайлары мен мәдениетін терең түсінуге көмектеседі.

Мұндай оқыту курстары 2016 жылы басталып соңғы тоғыз жылда Еуразия елдері мен ШЫҰ хатшылығы үшін 100-ден астам аудармашы маман дайындады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото