Қытайда тағы 4 жоба Дүниежүзілік ирригациялық инженерлік мұралар тізіміне енгізілді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 11 қыркүйек

11 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 10 қыркүйекте Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өткен Халықаралық Суару және дренаж комиссиясының 76-ыншы Халықаралық атқарушылар кеңесінің отырысында, 2025 жылғы (он екінші партия) Дүниежүзілік ирригациялық инженерлік мұралар тізімі ресми түрде жарияланды. Юньнаньдағы Юаньян хани сатылы атызы, Цзянсудағы Цзюйжун қаласы Чишань көлі суару жобасы, Сычуаньдағы Пэнчжоу Цзяньцзянъянь бөгеті, Бейжіңнің Мэнтоугоу аумағы Юндин өзенінің ежелгі каналын суару жобасы сияқты төрт жоба Дүниежүзілік ирригациялық инженерлік мұралар тізіміне сәтті енгізілді. Бүгінгі таңда Қытайдағы дүниежүзілік ирригациялық инженерлік мұра нысандарының жалпы саны 42-ге жетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото