- Барлық ақпарат
Былтыр Қытайдың «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салатын елдерге салған тікелей инвестициясы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,9%-ға өсті
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 11 қыркүйек
11 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында 25-інші кезекті Қытайдың халықаралық инвестиция және сауда жәрмеңкесі Фуцзянь өлкесінің Сямэнь қаласында өтті. Тілші 2024 жылы Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасын бірлесіп құратын елдерге салған тікелей инвестициясы 50,99 миллиард АҚШ долларын құрайтынын білді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,9%-ға өсті.
Сауда министрлігі, Ұлттық статистика бюросы және Мемлекеттік валюта басқармасы бірлесіп «2024 жылғы Қытайдың тікелей шетелдік инвестициялар статистикасы бюллетенін» шығарды. Оған сәйкес, 2024 жылдың соңына қарай Қытайдағы инвесторлар әлемнің 190 елі мен аймағында 52 000 шетелдік компания құрды, олардың 19 000-ы «Бір белдеу, бір жол» бастамасын бірлесіп салатын елдерде ашылған.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online