Бейжіңнен Қазақстанның Алматы қаласына алғашқы Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызы аттанды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 12 қыркүйек

12 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Бейжіңнен Алматы қаласына жүк пойызы аттанды. Бұл Алматыға қарай Қытай- Еуропа (Орталық Азия) пойыз бағытының ресми ашылғанын білдіреді.

Пойызға жалпы құны 20 миллион юаньнан асатын 55 контейнер жүк тиелген. Оның ішінде автомобиль бөлшектері, торлы маталар, кондиционерлер, микротолқынды пештер және басқа да өнімдер бар. Пойыз Бейжіңнің Фаншань аумағынан жолға шығып Алашанькоу порты арқылы ел шекарасынан шығады.

Қытай Теміржолының Бейжің бюросы болашақта пойыз бағыттарын ашу жоспары оңтайландырылатынын хабарлады. Сонымен қатар жүк түрлерін көбейтіп, Қытай- Еуропа (Орталық Азия) пойыздарын тұрақты және тиімді жүргізуді қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады. Бұдан бөлек, Қытайлық компанияларға Қытай- Еуропа (Орталық Азия) пойыздары арқылы халықаралық нарыққа шығуына көмектесуді мақсат тұтады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото