Ганьсу өлкесінің Луннань қаласына Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген алғашқы пойыз келді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 12 қыркүйек

12 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жуырда Қытайдың Ганьсу өлкесінің Луннань қаласына Қазақстанның Алматы қаласынан 1100 тонна зығыр тұқымы тиелген жүк пойызы келді. Бұл Орталық Азия пойызы арқылы осы шаһарға жеткен алғашқы ауылшаруашылық жүк пойызы.

Жергілікті кеден департаментінің мәліметінше, тауарлар партиясы елге Қытай-Қазақстан шекарасындағы Қорғас порты арқылы өткен. Пойыз 3000 шақырым жолды еңсеріп, жалпы құны 5,06 миллион юань болатын жүкті тасымалдады. Ауылшаруашылығы тауары теміржол арқылы 20 күнде жеткізілді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото