Қытай мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы $30 млрд асты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 19 қыркүйек

ҚХР Бас кеден басқармасы мәліметіне сәйкес,2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7 пайызға өсіп, 30,68 млрд АҚШ долларын құрады.

Мәліметтерге сәйкес,есепті кезеңде Қытайдың Қазақстанға экспорты 6,9 пайызға өсіп, 19,4 млрд долларды құрады.

Ал Қазақстаннан Қытайға импорт көлемі 3,9 пайызға артып, 11,28 млрд долларға жетті.

2024 жылы Қытай мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 43,82 млрд долларды құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 6,8 пайызға өскен.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото