- Барлық ақпарат
Цайдам ойпатындағы көші-қон
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 12 қыркүйек
12 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Цинхай өлкесінің Хайси облысына қарасты аудандардың малшылық жерлерінде күзгі көші-қон басталды. Бұндағы малшылар көші-қонға кірісіп, заттарын жинап, үш төрт күннің ішінде ірі қара мен қойларын айдап, жүздеген шақырым жол басып, жайлаудан қыстауға көшті.
Мыңдаған жылдар бойы малшылар жайлаудың құнарын сақтап, малдың күйлілігін баптау мақсатында әр жылы көктем мен күз айларында қоныс аударып отырады. Мәліметтерге сәйкес, биыл Дулань ауданында шамамен 1,23 миллион бас мал қыстауға айдалды, ал күзгі жиын теріндегі көші-қон қазан айының ортасына дейін жалғасады.
Фото:Синьхуа
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online