- Барлық ақпарат
Ресей СІМ баспасөз хатшысы: Жаһандық әйелдер саммиті әйелдер ісін дамытуға өз үлесін қосады
9 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Ресей Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Мария Захарова 8 қазан күні Мәскеуде Бейжіңде өтетін Жаһандық әйелдер саммиті жаһандық әйелдер ісінің дамуына ықпал ететініне сенетінін айтты.
Мария Захарова тілшінің сұрағына жауап бергенде, алдағы уақытта Бейжіңде өтетін Жаһандық әйелдер саммиті соңғы 30 жылдағы халықаралық қауымдастықтың гендерлік теңдікті ілгерілету және әйелдердің дамуындағы кедергілерді жою жөніндегі күш-жігерін қорытындылауға, сондай-ақ әйелдер ісінің даму деңгейін арттыру үшін жаһандық күштерді біріктіруге бағытталғанын айтты. Баспасөз хатшысы бұл саммит бүкіл әлемдегі әйелдердің жарасымды дамуына қолайлы халықаралық орта қалыптастырып, әйелдердің жаһандық мәселелерді шешуге қатысу мүмкіндігін арттырады деп сенетінін білдірді.
people.cn © People's Daily Online