Қытайдың экономикалық саясатындағы сигналдар

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 қазан

10 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында «Халық Газеті» Қытай экономикасына қатысты жұрт талқысына жауап ретінде бірқатар мақала жариялады.

— Қытайдың ұзақ мерзімді экономикалық дамуының «тұрақты тірегі» бар. «14-інші Бесжылдық» кезеңінде Қытайдың жалпы ішкі өнімі үздіксіз 100 триллион юань шегінен асқаннан кейін, кезең-кезеңімен бұл көрсеткіш ондаған триллионға артып отырды, ал биыл 140 триллион юаньға жетеді деп күтіліп отыр. «Халық Газеті» мақаласында былай деп көрсетті: Қытай Коммунистік Партиясының ұзақ мерзімді билігі Батыстың көппартиялық жүйесінің қысқа және өзгермелі саясатынан аулақ бола отырып, Қытай экономикасының ұзақ мерзімді дамуы үшін маңызды «тұрақты тірек» бола алады.

—- Өнеркәсіптік трансформация мен жаңғыру «бірыңғай қатар жүрмейді». Қытай экономикасы туралы кері пікірлерге жауап ретінде «Халық Газеті» мақаласында өнеркәсіптік трансформация мен жаңғыру бірыңғай қатар жүретін процесс емес, жылдамы бар, баяуы бар, алдымен жүретіні бар, кейін жүретіні бар, әртүрлі аймақтар мен салалар және топтар өзара жіктеліп, макродеректер мен кейбір микро субъектілер арасында айырмашылықтар болады. Осыған байланысты біз оны жан-жақты қарастыруымыз керек және кейбір шағын жағдаяттарға бола жалпы экономикалық жағдайды жоққа шығара алмаймыз. Сонымен қатар реформа мен саясат арқылы біз жалпы жұртшылықтың дамудың тиімділігін пайдалануына күш салуымыз керек.

- Трансформация мен жаңғыруды жеделдету бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктерді әкелді. «Қытайда инвестиция салу мен дамудың мүмкіндігі аз» деген пікірге жауап ретінде «Халық Газеті» Қытай экономикасының жедел трансформациясы мен жаңаруы бүкіл әлем елдеріне бұрын-соңды болмаған үлкен мүмкіндіктер әкелетіні туралы мақала жариялады.

Мысалы, таланттар дивидендтері бойынша Қытай жыл сайын 5 миллионнан астам ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) түлектерін тәрбиелеп, жоғары деңгейдегі ғылыми және технологиялық таланттар саны бойынша әлемнің алдыңғы қатарында болып келеді. Бұл ғылыми-техникалық инновациялар мен өнеркәсіптік жаңғыртуға күшті серпін береді.

Тұтынуды кеңейту және модернизациялау тұрғысынан Қытайдың жан басына шаққандағы ЖІӨ-і 13 000 АҚШ долларынан астамға жетті, ал ультра ауқымды нарық көлемі тұрақты түрде кеңейіп келеді. Тұтынудың артуы өте маңызды кезеңде тұр, бұл да инвестициялық мүмкіндікке толы процесс.

— Қытайдың макроэкономикалық саясаты ешқандай ерекше мүдделі топтың әсеріне ұшырамайды. «Халық Газетінің» мақаласында сыртқы орта қаншалықты күрделі және өзгермелі болса да, Қытайдың макроэкономикалық саясаты әрқашан тұрақты прогрестің жалпы реңкін ұстанатыны, экономикалық заңдарды ұстанатыны және фискалдық, ақша-несие, басқа да макроэкономикалық саясаттың үздіксіздігі мен тұрақтылығын сақтау негізінде, жағдайдың өзгеруіне сәйкес саясаттың қарқыны мен бағытын уақтылы реттеп отыратыны айтылған.

«Керісінше кейбір Батыс елдерінде қысқа мерзімді макроэкономикалық саясаттың айқын тенденциясы байқалады, саясаттың сабақтастығы көбінесе сайлау циклдерімен үзіледі». Мақалада Қытайдың макроэкономикалық саясатына ешқандай ерекше мүдделі топтар әсер етпейтіні айтылған.

— Қытайдың дамуы ешбір жағдайда «толқыған» деп аталмайды. Қытайдың дамуы әлемге не бергені туралы айта келіп, «Халық Газеті» мақаласында «үлкен мүмкіндік» деп түйіндейді.

Мысалы, мақалада Қытай нарығының орасан зор екені және қарқынды дамып келе жатқаны, жыл сайын тұтыну көлемі шамамен 50 триллион юань болатыны, импорт көлемі 20 триллион юаньнан асатыны айтылған. Қытай халықаралық жоғары стандартты экономикалық және сауда ережелеріне белсенді ұштасып, бизнес ортасын үздіксіз оңтайландырды және институционалдық ашықтықты тұрақты түрде кеңейтіп келеді.

АҚШ-Қытай сауда комиссиясы мүшелерінің сауалнамасына сілтеме жасай отырып, мақалада сауалнамаға қатысқан компаниялардың басым көпшілігі Қытай нарығы өзінің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін таптырмас орта деп санайтыны айтылған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото