- Барлық ақпарат
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Жаһандық әйелдер саммитінде маңызды сөз сөйледі
14 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Әйелдер адамзат өркениетінің маңызды жасаушысы, ықпал етушісі және мұрагері, әйелдер ісін дамыту - халықаралық қоғамдастықтың ортақ міндеті.
Әйелдердің өсуі мен дамуына қолайлы жағдайды бірлесіп жасау.
Әйелдер ісінің сапалы дамуына ықпал ететін серпінді күшті бірлесіп дайындау.
Әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын басқару жүйесін бірлесіп құру.
Жаһандық әйелдер ынтымақтастығын ілгерілетуде бірлесіп жаңа тарау жазу.
Біз қауіпсіздіктің жалпы, жан-жақты, бірлескен және тұрақты тұжырымдамасын ұстануымыз керек, бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтауымыз керек, әйелдерді бақыт пен бейбітшіліктің шуағына шомылдырып, соғыстың дүрбелеңінен аулақ болуға мүмкіндік беруіміз керек.
Біз бүкіл әлемдегі әйелдер ісі дамуының теңгерімсіз және жеткіліксіздік мәселесін шешуге назар аударуымыз керек, барлық әйел экономикалық жаһанданудың жемістерімен бөлісе алуы керек, сонда әйелдердің жан-жақты дамуына белсенді түрде ықпал ете аламыз.
Біз жүйе мен заңдарды жетілдіруіміз керек, денсаулық сақтау мен білім берудегі жоғары сапалы ресурстардың барлық әйелге пайдасын тигізуі үшін қолжетімді саясат пен шараларды енгізуіміз керек, әйелдердің барлық құқықтарды жан-жақты және әділ пайдалануына ұмтылуымыз керек.
Әйелдер - жаһандық басқару жүйесін реформалау мен жетілдірудегі маңызды күш. Біз әйелдерге дәуірлік міндеттерді өз мойнына алуға, жаһандық басқаруға белсенді қатысуға және басқару нәтижелерін бөлісуге қолдау көрсетуіміз керек.
people.cn © People's Daily Online