Тяньцзиньнен Орталық Азияға бағытталған пойыз жоспарланған маршрутқа қосылды (3)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 14 қазан
Тяньцзиньнен Орталық Азияға бағытталған пойыз жоспарланған маршрутқа қосылды

14 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 13 қазанда тұрмыстық техника мен автокөлік бөлшектері сияқты жүктерге толы Қытай-Еуропа пойызы Қытай теміржолының Тяньцзинь контейнерлік орталық станциясынан жолға шықты. Ол Қорғас порты арқылы елден шығып, Қазақстанға және басқа жерлерге бет алды.

Бұл пойызда 40 футтық 55 контейнер бар, тасымалдау циклі шамамен 10 күнді құрайды. Болашақта аптасына бір рет қатынайды. Бұл Тяньцзиньнен аттанған және Қорғас порты арқылы елден шығатын Қытай-Еуропа пойызының жоспарланған маршрутқа алғаш рет қосылуы.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото