Қытай-Еуропа арктикалық экспресс бағытындағы алғашқы жүк кемесі Польшаға жетті (5)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 20 қазан
Қытай-Еуропа арктикалық экспресс бағытындағы алғашқы жүк кемесі Польшаға жетті

20 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 26 күннен кейін Қытай-Еуропа арктикалық контейнерлік экспресс бағытындағы алғашқы жүк кемесі 19 қазан күні Польшаның Гданьск портына жетті. Кеме Чжэцзяннан 23 қыркүйек күні жолға шыққан болатын.

Қытай-Еуропа арктикалық экспрессі Солтүстік-Шығыс арктикалық су жолымен тікелей Еуропаға қатынайды және Еуропадағы алғашқы аялдамасы Британдық Феликсстоу портына небәрі 20 күнде жетеді. Суэц каналы арқылы өтетін бағыт шамамен 40 күн, ал Жақсы үміт мүйісі арқылы жүретін жол шамамен 50 күн алады. Ал жаңа бағыт уақыт үнемдеу жағынан айқын артықшылыққа ие.

Фото:Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото