Қытай қаржыландыратын компаниялар Қазақстанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 28 қазан
Қытай қаржыландыратын компаниялар Қазақстанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді

28 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 24 қазанда Қазақстанның елордасы Астана қаласында Қытай қаржыландыратын кәсіпорындардың 2025 жылғы жұмысқа шақыру жәрмеңкесі өтті. Іс-шараны Қазақстандағы Қытайдың Бас сауда палатасы, Қытайдың Сауданы дамыту жөніндегі кеңесінің Қазақстандағы өкілдігі және Қазақстандағы Қытай жоғары оқу орындарының түлектері қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырды. Мәліметке сәйкес, бұл жәрмеңке жыл сайын өткізіледі, биыл ол төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Биыл іс-шараға Қазақстандағы Қытай қаржыландыратын 22 компания қатысты.

Синьхуа Ақпарат Агенттігінің суреті

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото