- Барлық ақпарат
Елімізде бүгінге дейін белгілі болған ең ежелгі бамбук жазбалары Хубэй өлкесінде көрмеге қойылды
 (Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 29 қазан
		
		29 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 28 қазанда Хубэй өлкесінің мұражайы елдегі бірқатар мәдени мекемелермен бірге «Қытайды түсіну - Қытайда байқалған бамбук жазбалары» атты көрме ұйымдастырды. Көрмеге Цзэн Хоуъи қабірінің бамбук жазбалары, жауласқан бектіктер кезеңіндегі бамбук жазбасы, Шюйхуди бамбук жазбасы, Лие бамбук жазбасы, Дунхуан бамбук жазбасы сияқты маңызды мәдени жәдігерлердің 230 данасы (жиынтығы) қойылған. Олардың ішінде Цзэн Хоуъи қабіріндегі бамбук қалдықтары 2400 жылдан астам уақыт сақталған. Олар осы уақытқа дейін табылған ең ежелгі бамбук жазба жәдігерлері болып табылады.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
	
			Онлайн «Халық Газеті» туралы 
people.cn © People's Daily Online
	people.cn © People's Daily Online
 
				 
			




