Моңғол музыкалық аспабы атбас қобыз мәдениеті қайта жанданды (4)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 31 қазан
Моңғол музыкалық аспабы атбас қобыз мәдениеті қайта жанданды

31 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Сазды, мұңлы, қатпарлы әрі созылыңқы бір әуен Ішкі моңғол даласын кернеп жатады. Атбас қобыздың мұндай ерекше ырғағы келген саяхатшыларды өзіне баурап алады. Моңғолдардың дәстүрлі музыкалық аспабы - «атбас қобыз» жайлау халқының мыңжылдық мәдени жадының қамбасы, ұлттық материалдық емес мәдени мұраның репрезентативті жобасы «Чаоэр музыкасының» негізгі сүйемелдеу құралы.

Ши Сяотао – Ішкі Моңғолдағы материалдық емес мәдени мұра атбас қобыздың мұрагері. Бүгінде ол 20-дан астам шәкірт тәрбиеледі. Атбас қобыз шеберханасының саны да барған сайын көбеюде. Ішкі Моңғолдың Тунляо аймағында бірқатар орта мектептерде атбас қобыз сабақтары ашылған.

Қазіргі уақытта бұл музыкалық аспап шетелге де танымал. Атбас қобыз мұрагерлері Жапония, Ұлыбритания елдеріне мәдени алмасу үшін бірнеше рет сапарлады.

Тунляо Мәдени және туризм бюросының айтуынша, жергілікті жерде мәдени өнім ретінде атбас қобыздың туристердің алып кетуіне ыңғайлы түрі дайындалады. Сол сияқты Тунляо атбас қобызын кеңірек таныстыру мақсатында шеберханаларды елдегі және шетелдегі материалдық емес мәдени мұра іс-шараларына қатыстырып отырады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото