- Барлық ақпарат
138-інші Кантон жәрмеңкесі жабылды, Қатысқан шетелдік сатып алушылардың саны жаңа деңгейге жетті (12)
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 5 қараша
5 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 4 қарашада Гуанчжоуда Қытайдың 138-інші Импорт және экспорт жәрмеңкесі (Кантон жәрмеңкесі) жабылды. Көрмеге барлығы 223 ел мен аймақтан 310 000-нан астам шетелдік сатып алушылар қатысты. Бұл алдыңғы сессиямен салыстырғанда 7,5% - ға өсіп, рекордтық көрсеткішке жетті.
Олардың ішінде «Бір белдеу, бір жол» елдерінен 214 000 сатып алушы болды. Олардың көрсеткіші 9,4% - ға өсіп, жалпы сатып алушылардың 69% -ын құрады. Еуропалық Одақтан, Таяу Шығыстан, АҚШ-тан, Бразилиядан да сатып алушылар айтарлықтай өсті.
Бұл көрмеде барлығы 632 жаңа өнімді таныстыру шарасы өтті. Жаңа өнімдер, жасыл өнімдер және тәуелсіз зияткерлік меншік құқығы бар өнімдер 4,6 миллион экспонаттың 20% - дан астамын құрады.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online




