Қытайлық ғарышкерлер ғарыш станциясында «барбекю» жеді (2)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 5 қараша
Қытайлық ғарышкерлер ғарыш станциясында «барбекю» жеді

5 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында қытайлық ғарышкерлер «Шэньчжоу-21» ғарыш кемесімен ғарышқа апарған, ыстық ауада пісіруге арналған пешті іске қосты. Осылайша Қытай ғарыш станциясының «ғарыш асханасы» алғаш рет жаңа «пешпен» жабдықталып, ғарышкерлердің тамағы орбитада пісіріліп, қақталып, ғарышкерлер тұңғыш «ғарыштағы үйде» грильдегі тауық қанаттары мен стейк жеді.

Хабарламаларға сәйкес, ғарыш «пеші» алдымен температураны бақылау технологиясын, қалдықтарды жинауды, жоғары температуралы катализді, көп қабатты сүзуді және басқа да техникалық зерттеулерді қабылдап, орбитада ас әзірлегенде түтінсіз пісіруге қол жеткізеді. Сол арқылы ғарыш станциясының түтін шығарындыларының стандарттарына сай келеді. Екіншісі, ғарыш станциясына кіру шарттарына сәйкес келетін және 500 рет үздіксіз және сенімді жұмыс істей алатын тазарту құрылғысы мен бүкіл машинаны мұқият сынайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото