- Барлық ақпарат
Үрімжіде қалың қар жауды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 қараша
7 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 5 қараша күні түстен кейіннен 6 қарашаның таңына дейін Үрімжі қаласында жауған жаңбырдың соңы қарға ауысты. Жауын-шашын 24 сағат ішінде 35,6 мм-ге жетті. Бұл елдегі сәйкес уақытта ең көп жауған жауын-шашын. Сонымен бірге бұл қаладағы қараша айындағы жауын-шашынның бір күндік рекордтын жаңартты. Таза қардың мөлшері 28 мм-ден асып, қалыңдығы 20 cm-ді көрсетті. Қазіргі уақытта Үрімжі қаласында қар әлі жауып тұр. Жергілікті метеорологиялық станция 6 қараша күні қарлы боранның ескерту дабылы сарыдан қызыл сарыға көтерілгенін хабарлады.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online




