Чжэцзян өлкесінің Ханчжоу қаласында Орталық Азиядан келген достар Бадуаньцзинь жаттығуын жасады (5)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 қараша
Чжэцзян өлкесінің Ханчжоу қаласында Орталық Азиядан келген достар Бадуаньцзинь жаттығуын жасады

10 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 9 қарашада Ханчжоуда 2025 жылғы Қытай-Орталық Азия дәстүрлі спорт және мәдени алмасу күні өтті. Қазақстан, Өзбекстан және басқа елдерден келген Орталық Азиялық достар, сондай-ақ Қытайдың бірқатар университеттерінің оқытушылары мен студенттері Қытайдың дәстүрлі денсаулық күтім жаттығуларының ғажайыптығын сезініп, Бадуаньцзинь жаттығуын жасады. «Мен бірінші рет Бадуаньцзинь жаттығуын жасап жатырмын. Жаттығудан кейін денем сергіп, көңіл-күйім көтерілді», - деп Өзбекстаннан келген Искандарова өз пікірімен бөлісті.

Чжэцзян өлкесі Фитнес тыныс алу арқылы емдеу қауымдастығының президенті Ли Хунжи Бадуаньцзинь дәстүрлі Қытай медицинасының меридиандық теориясын дәстүрлі денсаулық күтім мәдениетімен тоғыстырған, сондықтан ұзақ жаттығу адамның денсаулығы мен ішкі сезім- күйін реттеуге, иммунитетті арттыруға аса пайдалы екенін саулықты жаны сүйер жұртшылыққа айтты.

Қазіргі уақытта Бадуаньцзинь сияқты дәстүрлі денсаулық күтім және фитнес жаттығулары бірте-бірте жастар арасында көбірек танымал бола бастады. Бұл спорт түрі қазіргі жастардың қарбалас өмірінде «физикалық және психикалық тепе-теңдікті» сақтаудағы жаңа ұмтылысына айналды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото