Аньхой өлкесінің шағын ауылы үлкен сюань қағазының жасалуымен бөлісті (3)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 12 қараша
Аньхой өлкесінің шағын ауылы үлкен сюань қағазының жасалуымен бөлісті

12 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 8 қарашада Аньхой өлкесінің Сюаньчэн қаласы Цзинь ауданында 100-ге тарта қағаз жасау шеберлері көпшілікке ұзындығы 11 метр, ені 3,3 метр үлкен сюань қағазын жасау процесін көрсетті.

Сюань қағазы ежелгі Сюаньчжоуда (қазіргі Аньхой өлкесінің Сюаньчэн қаласы) пайда болғандықтан, бұл қағазды сюань қағазы деп атап кеткен. Бұл Қытайдың дәстүрлі кітаптарына, картиналарына және қолөнер бұйымдарын жасауға арналған қағаз. Оның бірегей сия сіңіргіш, су сіңіргіш және төзімділік сынды қасиеттері бар.

Керемет өндіріс технологиясымен және бірегей жазу сипаттамаларымен бұл өнім Қытайдың дәстүрлі мәдениетінің визит картасына айналды. Ол ұлттық материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген және ұлттық географиялық белгі өнімдерін қорғауға ие болған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото