Шөл даладағы болашақ - Қытайлық компания Кувейтке 10 млрд юаньдық заманауи жаңа қала салуға көмектесіп жатыр (3)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 13 қараша
Шөл даладағы болашақ - Қытайлық компания Кувейтке 10 млрд юаньдық заманауи жаңа қала салуға көмектесіп жатыр

13 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Кувейт астанасы Кувейт қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан кең шөл далада 64 шаршы шақырым аумақты алып жатқан заманауи жаңа қала -Кувейттің оңтүстігіндегі Саад Абдулла жаңа қаласы бой көтеріп келеді.

2023 жылдың соңында China Energy Construction Gezhouba Group жаңа қалалық инфрақұрылым жобасының бірінші конкурстық құрылысын ресми түрде бастаған болатын. 2025 жылдың наурыз айында жобаның бірнеше конкурстық құрылысына қатысуды жалғастырды. Бұл сондай-ақ Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен Кувейттің «Ұлттық даму 2035» тұжырымдамасы арасындағы байланысты орнатудың жарқын тәжірибесі. Кувейттегі маңызды әлеуметтік ірі жоба ретінде бұл жаңа қала құрылысы аяқталғаннан кейін кем дегенде 150 000 тұрғынды баспанамен және қажетті инфрақұрылымдық қызметтермен қамтамасыз етіп, астана аймағындағы тұрғын үй тапшылығын едәуір жеңілдетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото