- Барлық ақпарат
Шыңжаңның Үрімжі қаласы мен Алтай аймағында бастауыш және орта мектеп оқушыларына алғашқы қар демалысы беріледі
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 20 қараша

20 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің алған мәліметіне сәйкес, Алтай аймағы 2025 жылдың 1-5 желтоқсан аралығында жергілікті бастауыш және орта мектеп оқушыларына алғашқы қар демалысын береді. 29-30 қараша мен 6-7 желтоқсан сенбі-жексенбі күндеріне тура келетіндіктен аймақтың бастауыш және орта мектеп оқушылары 9 күн демалады.
Бұған дейін Үрімжі қаласы 1-5 желтоқсан аралығында қаладағы бастауыш және орта мектеп оқушылары үшін қар демалысы берілетінін жариялаған болатын.
Қар демалысы жергілікті қар-мұз ресурстарының бірегей артықшылықтарын толығымен пайдаланып, демалыс кезінде балаларға әртүрлі мәдени және спорттық іс-шараларға қатысуға, денсаулықтарын нығайтуға мүмкіндік береді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



