Мейіз кептіру үйінің сыры

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 20 қараша

20 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Дәмі тіл үйірген тәтті мейізді жегенде сіз оның қалай дайындалатыны туралы ойламаған боларсыз? Мүмкін сіз үшін мейіз жай ғана кептірілген жүзім шығар.

Шын мәнінде, мейіз өзінің балғындығын сақтап, тәттілігін жоғалтпай, уақыт сынынан өтіп, тау асып, тас басып сіздің аузыңызға келіп түсуіне дейін ұзақ жолдан өтеді.

Шыңжаңның Тұрпан қаласында жүзімнің жылдық өндірісі миллион тоннадан асады. Жүзімнің көп бөлігі мейіз етіп кептіріліп, сол жерде сақталады. Мұның сыры «домна пеші» - кептіру үйінде жатыр.

Бұл жер Тұрпан аймағы. Онда жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері небары 16 мм, алайда булануы 3000 мм-ге жетеді. Сондықтан бұл аймақты «от өлке» деп атайды. Тұрпанның климаты жүзімнің өсуіне қолайлы. Жыл сайын жүзімнен мол өнім алу бағбандарды мейіз кептірудің кәсіби шеберлігіне жетеледі.

Сіздің алдыңызда желге қарсы салынған жер үйлер - біз айтып отырған кептіру үйі. Оның бірегей архитектуралық стилі көрген жанды таңғалдырады. Кептіру бөлмелерінің қабырғалары қалың, төбелері тегіс. Алыстан қарағанда шағын бекіністерге ұқсайды. Қабырғалардағы төртбұрышты саңылаулар бөлмелерге самал өтуге қолайлы болып қана қоймай, күннің тіке түсуінен де сақтайды. Кептіру бөлмесіндегі тізбектелген алтын сары түсті жүзімдер жақұт тәріздес көздің жауын алады. Бұлар салқын әрі таза желге тербеліп, суынан ажырайды да, тәттілігін бойында сақтаған күйі тобарси бастайды. Бұл жүзім Тұрпан халқының мақтанышы мен абыройы. Сонымен қатар бірегей географиялық ортаның ерекше сыйы.

Әрбір кептіру бөлмесінде Тұрпанның хикаясы мен тарихы жатыр. Танымал жеміс - осы мекеннің қазынасы. Кептіру бөлмесі Тұрпан фермерлерінің екінші үйіне айналды. Олар ойпаттың жарық пен жылу байлығын пайдаланып, жүзімнің «керемет түрленуін» жүзеге асырады. Сөйтіп, бағбандар мыңдаған жылдар бойы жалғасқан еңбек даналығына мұрагерлік етіп келеді.

Қазіргі уақытта ежелгі ауылшаруашылық тәжірибесі байып, ақылды кептіру үйлері мен тамшылатып суару сияқты инновациялық технологияларды тұрақты қолдану, тұрақты кірісі мол «тәтті индустрияны» құруда.

Ендеше, сіз Шыңжаң мейізін жегенде, таңдайыңыздағы жемістің тәттілігін асықпай талғап, ондағы «даналықтың» дәмін сезінесіз.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото