- Барлық ақпарат
Ұйғыр музыкасының қазынасы: Он екі мұқам
20 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Бұл - «Шығыс музыкасының кереметі», БҰҰ-ның «Адамзаттың ауызша және материалдық емес мәдени мұрасының жауһары» мәртебесіне ие, ұйғыр халқының баға жетпес музыкалық қазынасы саналатын «Он екі мұкам» атты көне классикалық музыкалық жинақ!
«Мұқам» сөзі араб тілінен енген. Ол «музыка заңдары мен нормаларының жиынтығы» деген мағынаны білдіреді. Бұл қазіргі ұйғыр тілінде классикалық музыка мағынасын береді. Шыңжаң Ұйғыр мұқамының тарихы ұзақ, тамыры ежелден бастау алады. Ду Юның «Заң кітабындағы» жазбалары мен тарихи зерттеулеріне сүйенсек, «Күсән музыкасы», «Қашқар жаңа шәрі музыкасы», «Гаочан музыкасы» және «Құмыл музыкасы» сияқты ежелгі батыс аймақтық музыкасы Шыңжаң Ұйғыр мұқамының қайнар көзі саналады. Ол бүгінге дейін таралып, «Он екі мұқам», «Долан мұқам», «Тұрпан мұқам» және «Құмыл мұқам» сынды басқа да түрлерге айналды.
«Он екі мұқам» - Шыңжаңдағы Ұйғыр мұқамының негізгі өкілдері. Олар ежелгі Яркенхан патшасының ханымы Аманиса мен музыканты Кәдірхан еңбегімен жиналып, жүйеленген. Бұл өнер сарай музыкасы мен халықтық әндердің үйлесімді қосындысы ретінде қалыптасты. Оның бойында поэзия, ән, музыка, би, ән айту өнері және аспаптық орындау біртұтас тоғысқан. Олардың тұрақты әуезді құрылымы да, нақ майданда айтатын шешендік сипаттамалары да бар, сондықтан бұл Мұқам Шыңжаңда кеңінен таралған.
«Он екі мұқамның» құрылымы ауқымды. Барлығы 12 жиынтықтан тұрады. Әр жиынтықта стандартталған және үлкен музыкалық құрылым бар, оның ішінде 20-дан 30-ға тарта ән, би музыкасы және аспаптық музыка қамтылған. Барлық қойылымды орындап шығуға 20 сағаттан астам уақыт кетеді. Лириканың мазмұны өте бай. Философтардың мақал-мәтелдері, әдебиетшілердің өлеңдері, ауыл нақылдары, халық ертегілерінің бәрін әуенге салып айтып, таратуға болады. Бұл - ұйғырлардың өмірі мен әлеуметтік стилінің ерекше бір жазбасы.
Мұқамның әрбір жинағы «Күмнаиман», «Дастан», «Мәшіраф» сынды үш бөлімнен тұрады. «Күмнаиман» - бұл үлкен әнді, негізінен классикалық өлеңдерді, адамдардың рухани ізденістерін жырлауды білдіреді; «Дастан» - айтатын мазмұнына қаратылады. Бұл ұйғырлардың ежелгі дәуірден бері жалғасып келе жатқан махаббат хикаялары мен қаһармандық істерін баяндайды; «Мәшіраф» - бұл ұйғырлардың дәстүрлі әндері мен билерінен тұратын бөлім, бұл қуанышты шарықтау сәтін көрсетеді.

Әр бөлім төрт негізгі тақырыптан және бірнеше құбылмалы күйлерден тұрады. Онда бай әуендер мен алуан түрлі жанрлар, жарқын музыкалық образдар мен музыкалық тіл, терең және баяу оқылатын классикалық өлеңдер, жылы және көңілді халық биі музыкасы, төгіліп келетін әдемі баяндауға құрылған әндер бар. Оның көркемдік жетістіктерінің теңдесі жоқ. Бұл ұйғыр музыкалық мәдениетінің көрнекті туындысы және қытай мәдениеті қазынасындағы асыл мұра.
Қашқар аймағы Яркен ауданы «Он екі мұқамның мекені» деген атпен белгілі. Сол кезде Аманиса ханым осы жерде «он екі мұқамға» қайта өмір сыйлаған. Қазіргі уақытта бұл жерде мұқамға мұрагерлік ететіндердің қатары молайды. Әрбір музыкалық шығарма, әрбір ән, әрбір би қимылы ұйғыр музыкасының баға жетпес қазыналарының сұлулығын сақтап келеді.
people.cn © People's Daily Online



