Қорғастағы Қытай-Қазақстан халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығының жолаушылар ағыны 9 миллионнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 21 қараша

21 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қорғас Шекара өткізу пунктінің мәліметтеріне сәйкес, 19 қарашадағы жағдай бойынша Қорғастағы Қытай-Қазақстан халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығынан биыл 9,05 миллион адам кіріп-шыққан. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,3%-ға жоғары.

Кедендік рәсімдеуді жеңілдету шараларының арқасында орталыққа кріп-шығатын адамдардың орташа тәуліктік саны 28 000-нан асты. Ал ең жоғары тәуліктік жолаушылар саны 44 000-ға жетті.

Фото:Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото