Ауыл тұрғындары он тонналық ағаш үйді 30 метр аралыққа жылжытты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 24 қараша

24 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Гуйчжоу өлкесі, Жунцзян ауданының Пинчжай ауылында 200-ден астам ауыл тұрғыны бірлесе отырып, 40 минуттың ішінде салмағы 10 тоннаға жуық екі қабатты ағаш үйді 30 метрден астам жерге жылжытты.

Үй иесі Ян Шэнминь ағаш үйдің бастапқы орнында жаңа үй салуды жоспарлап отырғанын айтты. Уақытша тұру үшін ол ескі ағаш үйді орнынан көшіруді ұйғарды. Бастапқыда ол бірнеше көршісінен ғана көмек сұраған болатын, бірақ бұл хабар елге тарағаннан кейін, күтпеген жерден сол күні 200-ден астам ауыл тұрғыны жиналады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото