Алғашқы 10 айда Шыңжаңның сыртқы сауда импорты мен экспортының жалпы құны 15,5%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 24 қараша

24 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Үрімжі кедендік деректеріне сәйкес, осы жылдың алғашқы он айында Шыңжаңның сыртқы сауда импорты мен экспортының жалпы құны 418,63 миллиард юаньға (шамамен 59 миллиард АҚШ доллары) жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,5%-ға өсті және өсу қарқыны орташа республикалық деңгейден 11,9 пайыздық тармаққа жоғары болды.

Алғашқы 10 айда Шыңжаңның «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салатын елдерге импорты мен экспортының құны 365,64 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,2%-ға жоғарылады. Бұл көрсеткіш Шыңжаңның жалпы сыртқы сауда импорты мен экспортының 87,3%-ын құрайды.

Фото: Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото