- Барлық ақпарат
Қытайда жасалған робот 106 шақырымдық жаяу сапарын рекордпен аяқтады
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 24 қараша

24 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шанхай компаниясы шығарған Чжиюань экспедициясы А2 гуманоидты роботы Сучжоудан жолға шығып, 2 күн 8 сағатта 106,286 шақырымды сәтті аяқтап, Шанхайға жетті. Сөйтіп, «Өлкеаралық сапар шеккен әлемдегі алғашқы гуманоидты робот» ретінде гиннестік рекорд орнатты.

Бұл сапарда гуманоидты робот рельефтер, асфальт жолдар, плиткалы жолдар, көпірлер және т.б. сияқты күрделі орталардың қиындықтарын жеңе білді.
Робот сапар алдында ешқандай арнайы модификациядан өткен жоқ. Жылдам ауыстырылатын қуат алмасу жүйесімен толық жабдықталғандықтан, бүкіл процесс барысында үздіксіз жұмыс істеді.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



