27-інші Харбин қар-мұз әлеміндегі 200 000 текше метр мұз қоймасы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 25 қараша

25 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 24 қараша күні 27-інші Харбин қар-мұз әлеміндегі мұз қоймасы ресми түрде ашылды. 10 айға дейін жамылған «қалың көрпе» ашылып, 200 000 текше метр жоғары сапалы мұз кристалдары мұз айдынына тасымалданды. Кәсіби мамандардың қатаң тексерісінен кейін қалыңдығы, ұзындығы, толықтығы мен тазалығы жоғары мұз кесектері мұздан салынатын құрылысқа жөнелтілді. 27-інші Харбин қар-мұз әлемі саябағының алаңдарды тегістеу және жабдықты пайдалануға беру сияқты алдын ала атқарылатын жұмыс кезеңі аяқталды. Мұз құрылысы ресми түрде 25 қарашада басталды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото