Қытай мен Өзбекстан арасында Вэньчжоу-Ташкент жаңа жүк әуе жолы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 25 қараша

25 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында өзбекстандық Centrum Air авиакомпаниясының B767 типті жүк ұшағы Шығыс Қытайдың Чжэцзян өлкесі Вэньчжоу қаласынан сәтті ұшып, Өзбекстан астанасы Ташкент қаласына жетті. Бұл осы қаладан Орталық Азия бағытында алғашқы жүк авиамаршрутының ресми іске қосылуын көрсетеді.

Чжэцзян газетінің хабарлауынша, ұшақ трансшекаралық электрондық сауда(/TET/)аясында 50 тонна тауар тасымалдаған. Бұл жүк ұшағы «қара жұма» және Рождество сияқты мерекелерге байланысты шетелдік тұтыну маусымына бейімделген. Сол арқылы Чжэцзян өлкесіндегі және оған іргелес аймақтарда трансшекаралық электрондық сауда аясындағы кәсіпорындар үшін көлік-логистикалық желі ұсынды.

Фото:Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото