Сянгандағы өрт біртіндеп тізгінделді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 27 қараша

27 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Сянган арнайы әкімшілік регионынының әкімшілік басшысы Ли Цзячао 27 қараша күні таңертең журналистермен кездесіп, өрт сөндірушілердің үздіксіз күш-жігерінің арқасында Сянган Тайпоу аумағындағы өрт жағдайы біртіндеп тізгінделіп келе жатқанын айтты. Қазіргі уақытта өртте қаза тапқандар саны 55-ке жетті.

Ли Цзячаодың айтуынша, қазір үш ғимараттың сыртынан өрт қаупі көрінбейді, ал төртеуінен анда-санда өрт ұшқындары байқалады.

Лауазым өкілі арнайы әкімшілік регионының үкіметі құтқару жұмыстарын толық ұйымдастырып, жедел жүргізетінін жеткізді. Барлық департамент пен бөлімшелерге әртүрлі жұмыстарды орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасау тапсырылды. Бұлардың ішіне өртті сөндіру, ғимарат ішінде қалғандарды алып шығу, жаралыларды құтқару, апат салдарын жою және оқиғаны жан-жақты тексеру кіреді.

Фото:Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото