Үрімжіде Қытай-Орталық Азия көлік саласындағы өзара байланыс бойынша таланттарды даярлау курсы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 27 қараша

27 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 25 қараша күні Үрімжіде Қытай-Орталық Азия көлік саласындағы өзара байланыс бойынша таланттарды даярлау курсы ашылды. Оқу курстарына Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның көлік департаменттерінің қызметкерлері қатысты.

Бір апталық оқу кезеңінде оқу курсы студенттерге арнаулы лекциялар, көлік саласындағы теориялық білімдері туралы дәрістер дайындады; Сондай-ақ қатысушыларды Шыңжаңның Кешенді көлік командалық орталығына апарып, Шыңжаңда салынып жатқан әлемдегі ең ұзын жоғары жылдамдықты туннель - Тяньшань Жеңіс туннелі және басқа да орындарды көрсетіп, Шыңжаңның көлік саласындағы жетістіктері және тәжірибелерімен таныстырды.

Жібек Жолы экономикалық белдеуінің негізгі бағыты ретінде Шыңжаң соңғы жылдары көлік инфрақұрылымын салуда айтарлықтай жетістіктерге жетіп, Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге берік негіз қалады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото