Шэньси өлкесінің Сиань қаласында бажсыз сауда жасайтын алғашқы дүкен ресми түрде ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 27 қараша

27 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 26 қараша күні Шэньси өлкесінің Сиань қаласында Қытайдың Солтүстік-Батыс аймағындағы алғашқы бажсыз сауда дүкені ресми түрде ашылды. Шэньсидің Сиань қаласындағы бажсыз сауда дүкені Сиань қаласының солтүстік-оңтүстік орталық осінің негізгі іскерлік ауданында орналасқан. Ол үш қабаттан тұрады. Жұмыс алаңы 2050 шаршы метрді құрайды. Оның бажсыз тауар аймағы және салықты тауар аймағы бар. Жарамды кіру-шығу құжаттары бар және Сианьнан ұшақпен 60 күн ішінде (60-ыншы күнді қамтиды) ұшып, ел шекарасынан шығатын барлық қытайлық және шетелдік жолаушылар бажсыз аймаққа кіріп, «қалада сауда жасау және порттан тауарларды алу» қызметтерінен игіліктене алады.

Фото:Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото