- Барлық ақпарат
Әлемдегі диаметрі ең ұзын болат арка көпірі:Фэнлай арнайы үлкен көпірінің болат аркасы қосылды

28 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 27 қараша күні Чунциннің Улун қаласынан Лянцзян жаңа аумағы жоғары жылдамдықты тасжолындағы Даси өзеніне салынған әлемдегі диаметрі ең ұзын болат арка көпірі - Фэнлай арнайы көпірінің болат аркасы сәтті жалғанды. Фэнлай арнайы көпірінің жалпы ұзындығы 1136,7 метрді құрайды, ал негізгі көпір бөлігіне 580 метрлік болат қорапты көпір аркасы қолданылып салынған. Бұл көпір қазіргі уақытта әлемдегі диаметрі ең үлкен болат арка көпірі саналады. Көпір Улун аумағындағы құзар шың, терең шатқалды жер бедеріне орналасқан. Көпірдің беті мен өзен арасындағы биіктік айырмашылығы 310 метрден асады, бұл шамамен 100 қабаттың биіктігіне тең. Көпір толықтай болаттан жасалған, жалпы пайдаланылған болат мөлшері – 25 мың тонна.




people.cn © People's Daily Online



