Астанада халықаралық заң мекемесі жұмысын бастады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 1 желтоқсан

29 қараша күні Астанада Қытай-Қазақстан халықаралық экономикалық даму орталығы жанынан құрылған «Цянчжун» халықаралық заң мекемесі ресми ашылды.

ҚазАқпарат мәліметіне сәйкес, Іс-шараға Қытай-Қазақстан халықаралық экономикалық даму орталығының қазақстандық тараптан тең төрағасы Жамбыл Ахметбеков, «Цянчжун» халықаралық заң мекемесінің төрағасы Сун Цзянчжун, сондай-ақ ҚР Парламент Мәжілісі мен Астана мәслихатының депутаттары, қытайлық компания басшылары қатысты.

Жамбыл Ахметбеков өз сөзінде қытайлық заң мекемесінің ашылуы екі ел арасындағы құқықтық және экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге сеп болатынын атап өтті. Салтанатты шара аясында халықаралық заң мекемесінің атауы жазылған тақтайшаның ашылу рәсімі өтті.

Фото:ҚазАқпарат

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото