Ганьсудың Орталық Азияның бес елімен саудасы осы жылдың алғашқы он айында 13 миллиард юаньнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 1 желтоқсан

1 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 19 қараша күні тілшілер Ланьчжоу кеденінен осы жылдың алғашқы он айында Ганьсу өлкесінің Орталық Азияның бес елімен саудасы 13,01 миллиард юаньға жеткенін білді. Оның ішінде экспорт 520 миллион юань және импорт 12,49 миллиард юаньды құрап, бұл аймақтық экономиканың жоғары сапалы дамуына күшті серпін берген.

«Бір белдеу, бір жолды» жоғары сапада құрудың тереңдеуімен Ганьсу мен Орталық Азияның бес елі арасындағы сауда қатынастары нығайып келеді. Ганьсудың асбест, жеңіл автомобиль және жергілікті ауылшаруашылық өнімдері Орталық Азияның өнеркәсіптік және тұтыну нарығына шықты. Сонымен қатар, Ганьсу Орталық Азиядан минералды өнімдерді, дәнді дақылдарды және басқа да шикізаттарды импорттады. Бұл өлкенің металлургия, түсті металл және дәнді дақылдарды өңдеу салаларының қажеттілігін тиімді қанағаттандырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото