Қытай мен Қазақстан бірлесіп Қазақстанда Қытай медицинасы орталығын құрады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 2 желтоқсан

2 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Фуцзянь өлкесіндегі Сямэнь дәстүрлі Қытай медицинасы ауруханасы Шыңжаңның Үрімжі қаласындағы Мидун дәстүрлі Қытай медицинасы ауруханасымен және Қазақстан Халықаралық этникалық медициналық орталығымен (ҚР Қытай-Қазақстан Халықаралық дәстүрлі медицина ауруханасы) үшжақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Осылайша шетелде дәстүрлі Қытай медицинасы орталығын бірлесіп салудың және дәстүрлі Қытай медицинасын шетел нарығына шығарудың жаңа арнасы құрылды.

Болашақта үш тарап сала мамандарын бірге даярлау, бірлескен ғылыми зерттеулер мен инновацияларды дамыту, мәдениет насихатын ілгерілету бойынша терең ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады.

Құжатқа сәйкес, тараптар бірлесіп жұмыс істеу үшін бірлескен басқару комитетін құрады. Сонымен қатар, Қытай Қазақстанға медициналық қызмет көрсету және жергілікті медициналық қызметкерлерді оқыту үшін дәстүрлі Қытай медицинасымен емдеу, акупунктура, моксибуссия және оңалту бойынша мамандар тобын жасақтайды.

Үш тарап бірлесіп, қазақстандық нормативтерге сәйкес келетін медициналық сапа менеджменті жүйесін, кірістерді әділ және жүйелі бөлу тетігін құрып,,дәстүрлі Қытай медицинасының диагностикасы мен емдеу қызметінің сапасына кепілдік етеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото