Чэнду мен Алматы арасында тікелей рейс ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 3 желтоқсан

3 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Air China желтоқсан айында Чэнду мен Қазақстанның Алматы қаласы арасындағы тікелей халықаралық бағытын ресми түрде іске қосты. Аптасына барып-қайту бағыты бойынша екі рейс жұмыс жасайды. Бағыт ашылғаннан кейін Чэндудан Алматы халықаралық әуежайына дейінгі жол небәрі 3,5 сағат болады. Бұл транзиттік уақытпен салыстырғанда кемінде 7 сағат үнемдейді.

2017 жылы Сычуань өлкесі мен Алматы облысы дос өлке/облыс қарым-қатынасын орнату туралы келісімге қол қойған. Бұл Сычуаньның Орталық Азия елімен алғашқы «дос қала» қарым-қатынасын орнатуы.

Соңғы жылдары Сычуань мен Қазақстан арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығы барған сайын жиілей түсті. Сычуаньның автомобиль, кондиционер және басқа да өнімдер экспорты жергілікті тұтынушылар арасында өте танымал. Ал Қазақстанның феррохром, мырыш концентраты және арпа экспорты Қытай нарығына Сычуань арқылы кіреді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото