Цинхай өлкесі Дэлинха қаласындағы Аршалы тауында жүздеген тау текелері жайылып жүр

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 3 желтоқсан

3 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 1 желтоқсанда тілші Цинхай өлкесі Дэлинха қаласындағы Аршалы тауында жайылып жүрген жүздеген тау текелерін фотоға түсіріп алды. Тау текесі Қытайда екінші дәрежеде қорғалатын жануар. Соңғы жылдары Цинхайдың Хайси облысы үкіметі табиғи қорғау әдісімен әуелгі өсімдіктерді қалыпына келтіру шараларын қабылдап, Аршалы тауы табиғатының өсімдікпен көмкерілу деңгейін арттырды. Сөйтіп таудың экологиялық ортасы жақсарып, тау текелерінің жайылым өрісі кеңейіп, тіршілік ету ортасы қамтамасыз етілді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото