800 жыл шөгіп жатқан «Наньхай №1» кемесінің қалдықтарын қорғау орны алғаш рет ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 3 желтоқсан

3 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- «Наньхай №1» 2007 жылдан бері Гуандун өлкесінің Янцзян қаласы Хайлин аралындағы «Хрусталь сарайында» 20 жылға жуық зерттеу жұмыстары мен қорғаудан өтіп, мәдени мұраны қорғау сатысына енді. Жақында Гуандун Теңіз жібек жолы мұражайының «Хрусталь сарайы» алғаш рет жұртшылық үшін ашылды. Көрермендер теңіз түбінде 800 жылдан астам уақыт бойы шөгіп жатқан Сун дәуірінің ежелгі кемесін жақыннан көруге, мыңжылдық Теңіз жібек жолының тарихымен танысуға мүмкіндік алды.

Оңтүстік Сун әулетінің апатқа ұшыраған «Наньхай №1» кемесі 1987 жылы Гуандун өлкесінде Тайшань мен Янцзянның түйіскен жеріндегі теңіз аймағында табылды. Бұл шөгінді кеме - Қытайдың суасты археологиясындағы ең маңызды жаңалық және Теңіз жібек жолындағы өте маңызды жәдігер. 2007 жылы ол тұтастай сүзіп алынып, Гуандун Теңіз Жібек жолы мұражайына көшірілді, ал 2013 жылы кешенді археологиялық зерттеу жұмыстары басталды.

«Наньхай №1» байқалғаннан бастап сүзіп алынғанға дейін 20 жылға жуық кадрлар даярлау, техникалық тәжірибе жинақтау және бағдарламалық дәлелдеу сияқты шешімдерді әзірлеу жүргізілді. 2023 жылы «Наньхай №1» кемесін зертту жұмыстары ресми түрде аяқталған болатын.

Суреттер Гуандун Теңіз жібек жолы мұражайының ресми сайтынан алынды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото