- Барлық ақпарат
Елімізде кәсіби, талғампаз, ерекше, жаңаша «шағын әрі әлеуеті зор» кәсіпорындар саны айтарлықтай өсті

Сучжоу Цинюэ фотоэлектрлік технология компаниясының модульдік шеберханасы. Бұл компания елімізде кәсіби, талғампаз, ерекше, жаңаша «шағын әрі әлеуеті зор» кәсіпорын болып табылады. Синьхуа Ақпарат Агенттігінің суреті
3 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігінің соңғы деректері «14-інші Бесжылдықтың» (2021-2025 жылдар аралығы) кезеңінде Қытайдың кәсіби, талғампаз, ерекше, жаңаша, шағын және орта кәсіпорындарының саны бастапқы 40 000 аз деңгейден 140 000-ға дейін өскенін көрсетеді. Яғни 2,5 еседен астам өскен. Оның ішінде «шағын әрі әлеуеті зор» компаниялар саны 5000-нан 17600-ге дейін өсті.
2024 жылы Қытайдың кәсіби, талғампаз, ерекше, жаңаша «шағын әрі әлеуеті зор» кәсіпорындарының әрқайсысында орташа 26,6 өнертабыс патенті бар, ал ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға орташа инвестиция 30 миллион юаньнан асады. Қытайдағы кәсіби, талғампаз, ерекше, жаңаша, шағын және орта кәсіпорындар инновация арқылы негізін нығайтып, экономикалық өсуге ықпал ететін негізгі күшке айналды.
people.cn © People's Daily Online



