- Барлық ақпарат
Қытай алғаш рет Бразилияның ең ірі тыңайтқыш жеткізуші еліне айналды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 4 желтоқсан

4 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 2 желтоқсан күні Бразилияның Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы конфедерациясы Қытайдың Ресейді басып озып, Бразилияның ең ірі тыңайтқыш жеткізушісіне айналғаны туралы есеп жариялады. Биыл қаңтардан қазанға дейін Қытайдың Бразилияға тыңайтқыш экспортының жалпы көлемі 9,76 миллион тоннаға жетті, бұл Бразилияның жалпы тыңайтқыш импортының шамамен 25%-ын құрайды. Импорт көлемі бойынша Бразилияның алғашқы бес ірі тыңайтқыш жеткізушісі: Қытай, Ресей, Канада, Марокко және Египет.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



