- Барлық ақпарат
2025 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» елдеріне инвестициясы 22,3%-ға өсті
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 4 желтоқсан

4 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 2025 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында қытайлық компаниялардың «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салатын елдерге қаржылық емес тікелей инвестициясы 234,15 миллиард юань болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,3%-ға жоғары (32,71 миллиард АҚШ доллары, өсім 21,4%).
Шетелдік келісімшарттық жобаларға келсек, қытайлық компаниялар «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салып жатқан елдерде 1333,81 миллиард юань жаңа келісімшарттық жобаларға қол қойып, көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға ұлғайды (186,33 миллиард АҚШ доллары, өсім 23,5%); аяқталған тауар айналымы 804,24 миллиард юаньды құрап, 9,4% - ға өсті (112,35 миллиард АҚШ доллары, өсім 8,6%).
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



