2030 жылға Қарай Қытайдың коммерциялық аэроғарыш өнеркәсібінің ауқымы 7-10 триллионға жетуі мүмкін

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 4 желтоқсан

4 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 3 желтоқсанда Хубэй өлкесінің Ухань қаласында ашылған 2025 жылғы коммерциялық аэроғарыш форумынан алған ақпаратына сәйкес, соңғы жылдары Қытайдың коммерциялық аэроғарыш өнеркәсібінің ауқымы жылына 20% - дан астамға ұлғайып келеді. 2030 жылға қарай сала көрсеткіші 7-10 триллионға жетеді деп күтілуде.

«Болашақта коммерциялық аэроғарыштың әлеуеті зор болады»,-деді Қытайдың басқарылатын ғарыштық инженерия басқармасының қолданбаларды әзірлеу бюросының директоры Сун Цзиньцзэ. Ғарыш станциясы ұлттық ғарыш зертханасы ретінде әртүрлі аэроғарыштық құрылым, коммерциялық аэроғарыш компаниялары, жаңа ғарыштық материалдар, ғарыштық селекция және басқа да бағыттар бойынша орбиталық жоба-ұсыныстарды үнемі зерттеп отырады. Қытай 2030 жылға қарай айға қонғаннан кейін, ондағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жалғастырады. Ғарышқа байланысты барлық тиімді ұсыныстарды оң қабылдайды. Орбитада қызмет көрсету бойынша ірі жобаларды жүзеге асыра отырып, болашақта Қытай орбитада ұшақтарды жөндеу және құрастыру мүмкіндігіне қол жеткізеді. Ғарыштағы 4S дүкені, ғарыштық қонақ үйлер және қолжетімді ғарыштық туризм бұдан былай үлкен коммерциялық құндылығы бар салаға айналады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото