- Барлық ақпарат
Шыңжаңның Ақши ауданында 6,0 магнитудалы жер сілкінді
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 5 желтоқсан

5 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 4 желтоқсанда Шыңжаңның Қызылсу қырғыз автономиялық облысы Ақши ауданында 6,0 магнитудалы жер сілкінісі болды. Тілшілер жергілікті үкіметтен, өрт сөндіру және төтенше жағдайлар департаменттерінен әзірге ешқандай адам өлім-жітімі немесе мал-мүлік шығыны тіркелмегенін және апат жағдайын бағалау әлі жүргізіліп жатқанын білді.
Қытай сейсмологиялық желісінің ресми дерегіне сай, 4 желтоқсан күні сағат 15:44-те Шыңжаңның Ақши ауданында (41,13°N, 78,40°E) 6 балдық жер сілкінісі тіркелді. Сілкініс ошағы 10 шақырым тереңдікте.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



