Бейжіңде ҚКП Орталық Комитетінің экономикалық жұмыс жөніндегі жиналысы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 12 желтоқсан
Бейжіңде ҚКП Орталық Комитетінің экономикалық жұмыс жөніндегі жиналысы өтті

12 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 10-11 желтоқсанда Бейжіңде  ҚКП Орталық Комитетінің экономикалық жұмыс жөніндегі жиналысы өтті. Жиналыста Қытай басшылығы 2026 жылғы экономикалық жұмыстың басым бағыттарын белгіледі.

Жиналыста Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет төрағасы, Орталық Әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин маңызды сөз сөйледі.

Си Цзиньпин өз сөзінде Қытайдың 2025 жылға арналған экономикалық мақсаттарын қорытындылап, қазіргі экономикалық жағдайды талдап, келесі жылдың экономикалық жоспарын баяндады.

Жиналыста биыл өте ерекше жыл екені атап өтілді. Десе де Қытайдың экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі мақсаттары сәтті аяқталады.

Синьхуа Ақпарат Агенттігінің суреті

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото