- Барлық ақпарат
Кемпірқосақ-7 биік таулы өңірде жоғары жылдамдықпен ұша алатын жасырын дрон алғашқы ұшуын сәтті аяқтады
15 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында еліміздің жаңа үлгідегі биік тауларда жоғары жылдамдықпен ұзақ уақыт ұшу мүмкіндігіне ие Кемпірқосақ-7 дроны Қытайдың солтүстік-батысындағы мәлім бір әуежайда алғашқы ұшуын сәтті аяқтады. Осы реткі алғашқы ұшу сонымен қатар бұрын Чжухай әуе шоуында жұрттың назарын аударған бұл «әуе жарқанатының» ұшу сынақ кезеңіне өткенін білдіреді.
Ақпаратқа сәйкес, Кемпірқосақ-7 көрінетін жарық пен инфрақызыл сенсорларды қоса алғанда, әртүрлі жоғары өнімді пайдалы жүктемелерді тасымалдай алады. Ол ұзақ ұшу уақыты, биіктікті бағындыру қабілеті, жоғары круиздік жылдамдығы және міндетті атқару мүмкіндіктері мығым сияқты артықшылықтарға ие. Дрон күрделі жағдайларда жерді бақылау және деректерді қолдаудың жоғары деңгейлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.
Фото:bjnews
people.cn © People's Daily Online




